«Насыбай және оның салдары» тақырыбында іс-шара өтті

19.04.2019 жылы Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы мамандары «Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» 9 - сынып оқушылар арасында «Насыбай және оның салдары» атты семинар өткізді.

«Нашақорлық қоғам дерті» тақырыбында іс-шара өтті

22.04.2019 жылы Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы мамандары «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің 9-10 сыныптар арасында «Нашақорлық қоғам дерті» атты семинар мен «Нашақорлық, шылым шегу, ішімдіктің алдын алу» тақырыбында тренинг өткізді.

Басты мақсаты: есірткі заттарының адам өміріне аса қауіптілігін түсіндіре отырып,алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

АИТ қалқанша без ауруы

Аутоиммунді тиреоидит (тиреоидит Хашимото) – бұл қалқанша без аутоиммунді генездің созылмалы қабынбалы ауру түрі, яғни иммундық жүйеде  туа біткен немесе  жүре пайда болған ақауы, ағзаға қарсы денелер қалыптасып, қалқанша бездің қабынуына әкеліп соғады да, аяғында қалқанша без гормондарынының түзілуі бәсеңдейді.

Жіті ішек жұқпасы

Өскемен қаласында жіті ішек жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдай қалыпты деп бағаланады. 2019 жылмен салыстырғанда, аурушаңдық 39 жағдайға төмендегені байқалады, бұл 14 жасқа дейінгі балалардың 37,1 % құрайды. Аурушаңдыққа талдау жасау кезінде, жасанды тамақпен тамақтанатын ерте жастағы балалардың 48,6%-ы ЖІЖ шалдыққан, ал аралас (ана сүтімен қоса, басқа да тағамдар) тамақпен тамақтанатындардың 36,5 %-ы.