Артериялық гипертония

Өзектілігі: Қазақстанның ересек тұрғындарының 40 % - ға жуығы ауырлық дәрежесі әртүрлі артериялық гипертониядан зардап шегеді. 

Соңғы жылдары бұл ауруға шалдыққандардың жас көрсеткіші айтарлықтай жасарып келеді – шамамен 30 жастағы емделушілерден артериялық гипертонияның белгілері анықталып отыр. Аталмыш құбылыстың себебін тұқым қуалау факторынан ғана іздемеу керек, сондай - ақ гипертонияның даму салдарын қазіргі өмір сүру салтымен – күйзеліспен, дұрыс тамақтанбаумен, артық салмақ қосумен, гиподинамиямен байланыстыруға да болады.

Балаларда кездесетін жіті ішек жұқпаларының алдын алу

Балаларда кездесетін жіті ішек жұқпалары пайда болу жиілігіне қарай  (ЖІЖ) жіті вирустық аурулардан кейін екінші орынға ие. 

2017 жыл ішінде Өскемен қаласы Ана мен бала орталығының инфекциялық бөлімшесінде осы аурудан 564 бала емделді. Ал 2018 жылдың басынан 5 ай ішінде жіті ішек жұқпаларынан 290 бала емделіп шықты. 

Басқалар туралы ойлан. Қан тапсыр. Өмірмен бөліс

Жыл сайын 14 маусымда Әлемнің барлық елдерінде Дүниежүзілік қан доноры күні  атап өтіледі – бұл   ең жас халықаралық мереке 2004 жылдан бастап атап өтілуде. Мереке ұлы австралиялық иммунолог, адамның қан тобын ашқан – Карл Ландштейнер өмірге келген күнге орай сол күн күнтізбеде дүниежүзілік  қан доноры күні болып белгіленді.