Баспасөз хабарламасы «Біз инсульттен күштіміз!»

2018 жылғы 2 қарашада 16.00 сағатта Өскемен қ. «Арзан» оптомаркетінде «Біз инсульттен күштіміз!» атты акция өткізіледі.

29 қазанда бүкіл әлемде жыл сайын Дүниежүзілік инсультпен күрес күні атап өтіледі. Бұл Күн 2006 жылы Дүниежүзілік Инсультпен күресу Ұйымымен халықтың инсульттен болатын өлім-жітімді төмендету және тұрғындардың инсульт проблемалары бойынша хабардарлағын жоғарлату бойынша белсенді іс-әрекеттерге үндеу мақсатында орнатылған болатын.

Инсульт — ол бас миына артерияның бітелуінен қанның түсуі тоқтауының нәтижесінде немесе тамырдың қабырғасының үзілген жерінен қанның ағуынан жүйке жасушалары бүлінетін немесе толық бұзылатын күй; бұл мидағы қан айналымының бір сәтте ми тінінің бүлінуімен және оның атқарымының бұзылуымен болатын шұғыл дамитын бүліністер.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы инсультті жаһандық індет деп жариялады. Өліммен аяқталу саны бойынша инсульт инфаркттан кейін әлемде тұрақты екінші орынға ие болады.

Осыған орай Шығыс Қазақстан облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің, Шығыс Қазақстан оңайту орталығының және №2 қалалық емханасының мамандарымен бірге «Біз инсульттен күштіміз!» атты науқанды өткізеді.

Оның мақсаты - мидың қан тамырлары ауруларының проблемасына халықтың барлық топтарының назарын аудару; тұрғындардың инсульттің алдын-алу, алғашқы көмекті уақтылы және дұрыс көрсету туралы хабардарлығын жоғарлату.

 

Байланыс телефоны (7232) 254857, (7232) 252839.