Қалалық қазақ мектеп-лицейінде тренинг пен семинар өтті

5-6.11.2018 жылы Аягөз қаласының «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы мамандары «Қалалық қазақ мектеп-лицей» КММ-нің 7-9 класс оқушыларына «Мен таңдаған өмір» атты тренинг пен «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар мақсаты: репродуктивті денсаулық туралы барынша ауқымды түсінік беру және оны сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.

Семинарда оқушыларға адамның репродуктивті денсаулығы дегеніміз не? Жыныстық жолдармен берілетін жұқпалар (ЖЖБЖ) және олардың репродуктивті денсаулыққа тигізетін әсері? Осы сұрақтар бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында оқушылар сұрақтар қойып,ой ойларымен пікір алмасты. Соңында ақпараттық білім беру материалдары таратылды. Қатысушылар саны - 40 оқушы.

 

Аягөз аудандық "Нұрсалауат" Жастар денсаулық орталығы