Бала иммунитетінің ерекшеліктері және оны нығайту жолдары

Иммунитет – адам денсаулығына түрлі жұқпалар мен зиянкес микробтарға организмнің төтеп беруі. Иммундық жүйенің кереметтілігі сол, ол ағзадағы сау жасушаларды тани алады және сырттан келген қауіп төндіретін жасушаларды жойып отырады. Сондай ақ, ағзадағы мутант клеткалармен де күрес жүргізеді. Бұған мысал, адам организмінде болатын ісік жасушаларын айтуға болады. Адам иммунитеті бұндай жасушаларды жетіле бастағаннан ақ жояды.

Иммунитет екі түрге бөлінеді: біріншісі туа біткен.  Бұндай иммунитет сырттан келген барлық қоздырғыштармен күреседі. Ол ағзаны қорғап қалатын бірінші қорғаныс болып есептеледі. егер туа біткен иммунитет күресе алмаған жағдайда, адаптацияланған иммунитет көмекке келеді. Бұл иммунитет түрі ағзада антиденелер тудыру арқылы күрес жүргізеді. Адаптациялаған иммунитет адам науқастан жазылғаннан кейін немесе вакцинация арқылы жүргізіледі. Адамда бұдан өзге, ана құрсағында болғанда плацента арқылы анасының иммунитеті де беріледі. Бұдан әрі анасының ақуызымен берілетін иммунитет болады. Ол жаңа туған балада 6 айдан 1 жасқа дейін сақталады. Бір жасқа дейін балар сирек ауырады. Өсе келе бала ағзасына өздігінен күресу керек болады.

Иммунолог мамандар иммунитетті қалыпта ұстау керегін айтады. Иммунитет өз жұмысын жақсы атқару үшін үнемі жаттығу керек және анти денелерді тудыруы қажет. Баланың ауруға шалдығуы немесе шалдықпауы оның туа біткен иммунитетіне байланысты. Бірінші кезекте, иммундық жүйеге кері әсер ететін факторларды болдырмау керек:

  • Дұрыс тамақтанбау. Тамақтану – иммунитеттің жұмысына әсер ететін негізгі фактор болып табылады. Егер адам ағзасы жеткілікті мөлшерде ақуыз, майлар мен көмірсуды қабылдамаса, бұған қоса қант пен трансмайларды жиі қолданса, ағзаның иммундық жүйесіне үлкен қауіп төнген болады.
  • Күйзеліс. Ересектерге қарағанда балалар күйзеліске сирек ұшырайды. Алайда, күйзеліс кезінде балалар өздеріне өздері көмек бере алмайды. Өкінішке орай, кей жағдайда балалар үшін күйзелістің себебі оның ата-анасы болады. Балаға көңіл бөлмеу, жұмысбастылық, үйдегі жайсыз жағдайлар балаға қатысы жоқ болса да, бала көңіліне күйзеліс әкеледі.
  • Экология және климат. Кейбір жағдайларда бала өзі тұрып жатқан климат денсаулығына жақпай жатады. Балалар ластанған ауаға сезімтал келеді. Бұған тұрып жатқан пәтердің де микроклиматын жатқызуға болады. Бөлменің тым ыстық болуы, ауаның құрғақтығы не болмаса ылғалды болуы да әсерін тигізуі мүмкін.
  • Ішкі органдардың ауруы. Егер адам ағзасында қандай да бір ақау пайда болса, иммунитет барлық күшін соны қалпына келтіруге жұмсайды.

Созылмалы аурулары бар балалардың әдетте, иммунитеті әлсіз болады.

Иммунитетті қалыпта ұстауға жалпы кеңестер қандай?

  • Белсенді дене қозғалысы. Күнделікті далада серуен.деу көңіл-күйді көтерумен қатар, қанайналымы мен зат алмасу процесін жақсартады. Балалар күнделікті кемінде 2 сағат таза ауада серуендеу ұсынылады.
  • Толық қанды тамақтану. Ағзаға барлық қажетті минарелдар мен дәрумендер келгенде ғана иммунитет түрлі аурулармен күресе алады.
  • Уйде қолайлы микроклиматты қалыптастыру. Ауа температурасы 20-30 гр төмен болмауы керек. Ауаның ылғалдылығы 50 пайыздан кем емес. әсіресе қыс мезгілінде, орталық жылыту жүйесі жұмыс жасап түрғанда ескерген жөн.
  • Су процедцуралары. Денені шынықтыру. Су температурасы 37 градусқа дейін және одан төмен болуы керек. Салқын сумен шайыну немесе контрасты душ алған дұрыс.
  • Баланы далаға шығарда тым жылы киіндірмеген жөн. Терлеп шыққан балаға тез салқын тиеді. Алайда балаға суық тидірмеу керек. Бала қозғалыста жүргенде терлемейтіндей киіндіру жөн болады.

 

Өскемен қ ҚДСБ Бас маманы Қалымбекова Майнұр Қасымбековна