Темекі-сенің жауың

2018 жылдың 7-8 қараша күндері «Нұрсалауат» жастар денсаулығы орталығының мамандарының ұйымдастыруымен Аягөз қаласының К.Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп КММ-де «АҚТҚ/ЖҚТБ дертінің алдын алу, жұғу жолдары, сақтану, қорғана білу» және «Темекі-сенің жауың» тақырыптарында семинар мен тренинг өткізілді.

Мақсаты - АИТВ инфекциясы туралы ақапараттық білім беру, денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру, сақтық шараларын насихаттау. Семинарға қатысқан жасөспірімдер ЖИТС жұқпасы дегеніміз не, жұқтыру жолдары және алдын алу туралы ақпарат тындады. ЖИТС-жұқпасының алдын-алудың жалғыз әдісі бұл таралу жолдары және жұқпадан қорғау шаралары туралы білімді насихаттау болып табылады.

Жасөспірімдерге АҚТҚ/ЖҚТБ дертінің алдын алу бойынша  бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара барысында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Іс-шараға 50 жасөспірім қатысты.

 

Аягөз қаласы  «Нұрсалауат» жастар денсаулығы орталығы