Балаларда кездесетін ларингит

Ларингит – бұл балаларда жиі туындайтын асқыну үрдісі. Бұл ауру неліктен пайда болады? Баланың ларингитпен аурып қалғанын қандай белгілерден көруге болады? Балаға алғашқы көмекті қалай көрсетуге болады және «жедел жәрдем» шақыру қажет па? Бірге талқылайық.

Балаларда ларингит созылмалы, немесе жіті түрде жүруі мүмкін. Ларингиттің әрбір түрінің пайда болуына өз себептері тән. Созылмалы ларингит шаң-тозаң бөлмеде ұзақ және жиі болудан, дауыс буындарына үнемі күш салғаннан туындайтын болса, оның жіті түрі вирус немесе бактериядан өршиді.

Мамандар бұл патологияның бала ағзасында туындауына ықпал ететін келесі факторларды анықтады:

  • - қатты психоэмоциялық әсер алусалдарынан көмейдің қысылуы;
  • - спрей немесе аэрозоль түріндегі препараттарды жиі қолдану – олар көмейдің нерв тораптарын қоздырып, буындарға рефлекторлық күш түсіреді;
  • - лимфатика-гипопластикалық диатез (туа біткен);
  • - аллергиялық реакция;
  • - дауыс буындарына күш түсіру (айғайлағанда немесе ән салғанда);
  • - суық немесе өте ыстық сусындар ішкенде;
  • - шаң, ыстық немесе суық ауаны тамағымен тыныс алғанда;
  • - суық тию;
  • - ағзаның шаршауы;
  • - қызамық немесе қызылшадан кейін туындаған асқынулар;
  • - бактериалдық инфекция;
  • - вирустық инфекция.

Ларингиттің әдеттегі клиникалық түріне мұрнынан сұйықтық ағу, құрғақ жөтел, дауыстың қырылуы (кейде дауыс жоғалып кетеді) белгілері тән. Балаларда ларингиттің келесі белгілері байқалады: 

  • - жұтқан кезде ауырсыңу
  • - көмейде күйдіру, бөтен заттың тұрып қалуы сияқты сезімдердің туындауы
  • - «үрген» құрғақ жөтел
  • - дауыстың жоғалуы немесе қырылып қалуы
  • - ысқырып тыныс алу (дыбыс демді ішке тартқанда естіледі), ол дыбыс уақыт өте үстірт және ауыр бола бастайды
  • - 39 градусқа дейін дене қызуының көтерілуі
  • - тұншығу (ауыздың айналасы көгеру).

Ларингиттің жіті түрі.

Балаларда ларингиттің бұл түрі бірнеше күнде жылдам пайда болып, ұзаққа созылмайды. Ларингит қанша уақытқа созылады? Дұрыс емдеген кезде баланы 7-10 тәулік ішінде сауықтыруға болады. Егер ауру асқынып, созылмалы түрге айналса, оның клиникалық сипаты өзгереді. Созылмалы ларингиттің негізгі белгісі – ол өзгерген дауыс. Бұл кезде ауру барысында ауық-ауық жөтелу, қарлығу, тамақтың жыбырлап тұруы байқалады. Жіті түрдегі ларингитта сияқты тыныс алу қиындамайды. Ауру көп уақытқа созылады.

Ларингитті анықтаған кезде баланы педиатрге және отоларингологқа көрсету қажет:

  • - сырттай қарау
  • - егер бала ларингитпен аурып қалса, онда жалпы қан талдауы нормадан ауытқуды көрсетеді - СОЭ мен лейкоциттер саны артық болады.
  • - ауруды өршіткен патогенді микроағзаны анықтау үшін көмейден жақпа алу қажет.

Ауру өршіген кезде не істеу керек? Бұл жағдайда ата-аналар дереу жедел жәрдем шақыруы тиіс. Ауыр тыныс алу – бұл сырттай көзге қалыпты болып көрінсе де, негізінде өте қауіпті белгі.  Дәрігерлер жолда келе жатқан мерзімде үрейге бой алдырмай, баланың жағдайын жеңілдету үшін оған алғашқы көмек көрсету қажет. Ол үшін келесі шараларды қолдану қажет:

  • - баланың ыстығы көтерілсе, дене қызуын түсіретін дәрі беру тиіс.
  • - қатты құрғақ жөтелді физ.ертіндісі бар небулайзер арқылы басуға болады.
  • - егер балада аллергиялық ларингит болса, онда оған Супрастин таблеткасы немесе басқа аллергияға қарсы дәрі көмектеседі.
  • - бөлмедегі ауаны ылғалдандыру үшін ылғалдандырғыш қосып қоюға немесе еденге су құйылған бірнеше ыдыс қойып қоюға болады.
  • - балаға арасы 10-15 минут сайын 1 ас қасығымен сілтілі сұйықтық ішкізу қажет.
  • - баланы тыныштандыру керек – жылау немесе дауысқа күш түсіру тамақты одан да қатты жарақаттайды.

Ларингитпен ауырмау үшін келесі алдын алу шараларын қолдану қажет:

  • - шынықтыру
  • - баланың бөлмесінде температурлық және ылғалдылық режімді сақтау
  • - дұрыс тамақтандыру (жасына сәйкес тамақтану)
  • - ата-аналардағы созылмалы инфекция ошақтарына уақытында  санация жүргізу  
  • - ЖРВИ-мен аурып жүрген адамдармен байланыс жасауды қысқарту
  • - ағзаны ыстықтаудан немесе суық тиюден сақтау.

 

«Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК  аллерголог дәрігері Криницкая О.В.