Балаларға арналған ойыншықтарды таңдау

Балаға зиян келтірмей сыйлыққа ойыншықты қалай таңдауға болады?

Ойыншықтың жеке және (немесе) топтық қаптамасы болуы тиіс. Осы ойыншық туралы ақпарат (таңбалауы) жоқ ойыншықтан бас тарту жақсы, таңбалау бұйым туралы толық ақпаратты қамтуы тиіс және Кеден одағына мүше мемлекеттің орыс және мемлекеттік тілдерінде орындалады,  және де төмендегі көрсетілгендей ақпаратты қамтиды: ойыншықтың атауы, дайындаушы елдің атауы, қандай балалардың жасына арналған, қандай материалдан орындалған, оны күту тәсілі; дайындалған күні; қызмет ету мерзімі; сақтау шарттары, ЕАС бірыңғай белгісі.

Ойыншықтың түріне қарай таңбалаудың мазмұнына қарай келесі ақпарат көрсетіледі: жиынтықтылық (жиынтық үшін), ойыншықты пайдалану ережесі, гигиеналық өңдеу тәсілдері, ойыншықпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары, ескерту жазбалары, құрастыру жөніндегі нұсқаулық.

Ойыншыққа кішігірім тексеру жүргізіңіз, атап айтқанда: бояғыштың тұрақтылығың тексеріңіз (ол сүртілмеуі және қолында қалуы тиіс); ойыншықтың шеттері мен жиектерінде сынықтар, жарықтар, саңылаулар, үшкір шеттері болмауы тиіс; жұмсақ ойыншықтың тігісі жыртылмауы  тиіс, матасы тығыз болуы тиіс және түктің түсуіне ұшырамауы тиіс, ойыншықтардағы сұйық толтырғыштың ағып кетуіне жол берілмейді; ойыншықтың өткір, жағымсыз, бөгде иістері болмауы тиіс; балалардың еріндерімен жанасуға арналған бөлшектер жеңіл дезинфекцияланатын материалдардан дайындалуы тиіс; ұсақ бөлшектері бар ойыншықтарды, әсіресе 3 жасқа дейінгі балалар үшін таңдауды болдырмауға тырысыңыз. Ойыншықтардың қозғалатын құрамдас бөліктері балалардың жарақаттану қаупін болдырмауы тиіс. 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтардың дыбысының ең жоғары деңгейі 70 дБА - дан, 6 жастан жоғары-80 дБА-дан аспауы тиіс.

Мүмкіндігінше арнайы дүкендерде ойыншықтарды сатып алыңыз, ойыншықтарды таңдаған кезде белгілі өндіруші-фирмаларға бағдарлануға тырысыңыз. Әрине, олардың өнімдері нарықта және дүкендерде сатылатын ойыншықтарға қарағанда қымбат, бірақ белгілі фирмалар өздері өз өнімдерін сынайды және оның қауіпсіздігіне, оның ішінде өзінің беделіне жауап береді.

Өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына күмән келтіргенде сатушыдан осы ойыншыққа сәйкестік сертификатын талап етіңіз. Ойыншықтың ұсынылған сертификатқа тиістілігін ойыншықта және сертификатта көрсетілген сәйкестендіру белгілерін салыстыру арқылы тексеруге болады. Әдетте ойыншықтардың идентификациялық белгісі, ол ойыншықтың өндірушінің маркасы немесе артикулы және оның атауы болып  табылады.

 

А. Кравченко, специалист ДООЗ по ВКО