Шығыс Қазақстан Облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Сізді Дүниежүзілік Денсаулық күніне орайластырылған «Сау болып, сәнді бол!» бейне-байқауының қорытындысын шығаруға шақырады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының негізі қалануының құрметіне жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік Денсаулық күні атап өтіледі.

Сау болу - ол жалпы алғанда ғылым және оның бағыттарының бірі - денсаулық мәдениетін қалыптастыру: дене, рухани, әлеуметтік кемелі. Осыған байланысты адам өзін-өзі жасап алуы қажет: сау болу және өмірде өзінің жолын табу. Адамның өсуі мен дамуы денсаулық деңгейінің диагностикасымен, дұрыс тамақтану мен дене белсенділігіне бейілділікпен, зиянды әдеттердің болмауымен сүйемелденуі қажет. Денсаулық - адамдардың әрқайсысы үшін негізгі құндылық.

Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу аясында 2019 жылғы 05 - 19 сәуір 2019 жылы аралығында Шығыс Қазақстан облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары, қалалық орта мектептерінің 7-8 сыныптары арасында «Сау болып, сәнді бол!» тақырыбында бейне-байқауын өткізді.

Негізгі мақсаты – салауатты өмір салтына мақсаттарды қалыптастыру жолымен жеке денсаулықты сақтау және нығайту, оқушыларға өздерінің және өздерінің отбасылары үшін денсаулық пайдасына таңдау жасау және шешім қабылдауда көмек көрсету, халық пен жұртшылықтың денсаулықты сақтау мәселелері бойынша хабардар болушылықтарын жоғарлату.

Жеңімпаздарды марапаттау 25 сәуірде сағат 14.00-ден 15.00-ге дейін Шығыс Қазақстан консультативтік-диагностикалық орталығының (Әуезов даңғылы 26, 2 қабат) мәжіліс залы.

 

Анықтамалар үшін телефон: 25-48-57, Валентина Федоровна Гусева