Баспасөз хабарламасы «Денсаулык Жолы»

2019 жылғы 24 шілдеде сағат 9.00-де «Денсаулық Жолы» Ұлттық бағдарламасының аясында Глубокое ауданының Ушаново ауылының тұрғындарымен Өскемен қ. медициналық мекемелерінің дәрігерлерімен кездесу өтеді.

«Шығыс Қазақстан облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медициналық мекемесі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен 2019 жылғы 24 шілдеде Глубокое ауданы Ушаново ауылына дәрігер-мамандардың: онколог, невролог, кардиолог, педиатр баруын ұйымдастырады. Ушаново а. тұрғындарымен кездесуге ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және күресу бойынша орталықтың, ШҚО қан орталығы мамандары қатысады.

Іс-шараның мақсаты - ауыл халқына мамандардың кеңесін алуды ұйымдастыру; аурулардың алдын алу және халықтың ақпараттылығы мен өздерінің денсаулықтарына жауапкершіліктерін жоғарлату.

Іс-шара «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасының аясында өткізіледі, Ұлттық бағдарламаның басты мақсаты құрамында тұз, қант, майлары (қаныққан майлар, трансмайлары) көп азық-түліктерді тұтынуды шектеу немесе бас тарту туралы ақпараттандыру арқылы халық денсаулығын сақтау мен нығайту, дененің артық салмағы мен семіздіктің қаупін азайту және жұқпалы емес аурулардың алдын алу үшін халыққа салауатты өмір салты негіздерін үйрету болып табылады.

Дәрігерлер тұрғындар үшін жеке кеңес береді.

Облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары антропометриялық көрсеткіштерді өлшеп, дене салмағының индексін анықтайды және денсаулыққа әсер ететін негізгі факторлар бойынша кеңес береді, ЖИТС-тің алдын алу және күресу бойынша орталық мамандары экспресс-сынақтамалау жолымен адамның АИТВ-мәртебесін анықтайды және аурудың алдын алу бойынша кеңес береді, Облыстық қан орталағы донор күнін өткізіде, адамдар өз қанын беру арқылы донор атану мәртебесіне ие бола алады.

 

Байланыс телефоны Гусева Валентина Федоровна (7232) 254857.