Бруцеллез

Бруцеллез

Бруцеллез – негізгі ауру көзі ауру жануарлар болып табылатын жұқпалы ауру.

Адамға жұғу жолдары:

  1. Төрт түлік малды (сиыр, қой, ешкі, шошқа) күту кезінде жеке бас гигиена еоежелерін сақтамау;
  2. Бруцеллезбен ауыратын немесе бруцеллезге оң әсер ететін малдарджың өнімдері – сүт және сүт өнімдері, шала пісірілген немесе қуырылған етті пайдалану.

Сырқат жануар түсік,төлдеме, бұзалау, торайлау уақытында адамдар үшін әсірсе қауіпті. Себебі, ұрық, қабық, сүт, несеппен бруцеллез тудыратын көптеген микроб қоздырғыштары бөлінеді. Бруцелла микробтары қи, су, жем, сүт және сүт өнімдерінде ұзақ уақытқа дейін сақталады.

Қоздырғыш адам денесіне асқорыту жолдары, тері мен шырышты қабаттағы жарықтар, сызатар мен басқада зақымданулар арқылы еніп, бүкіл денеге тарайды.

Адамда бруцеллез ауруының  алғашқы белгілеріекі, үш апта, кейде зақымданудан бір ай өткен соң біліне бастайды. Жиі дене қызуы жоғарылап (39-40гр. дейін), толқын тәрізді қызба, интоксикация белгілері: бас ауру, кешке жағдайының нашарлауы, шаршағыштық, ұйқы мен тәбеттің бұзылуы сияқты белгілер пайда болады. Одан кейін қалтырау мен әсіресе түнгі уақытта тершендік пайда болып, бірнеше күн немесе аптадан соң ірі буындар: тізе, жамбас, балтыр,иық, сирек – шынтақ буындары ісініп, ауырсынады, олардың формасы өзгеріп, жұмсақ тіндері ісініп, қабына бастайды. Бауыр мен қөкбауыр ұлғаяды. Науқас адам салмағының төмендегенін сезіне бастайды.

Кейде барлық ауру белгілері тез қайтып кетеді, бірақ біраз уақыттан соң ауру асқынуы мүмкін. Перифериялық нерв жүйесі: радикулит, плекситтер, қабырға аралық невралгиялар түрінде, сонымен қатар жыныс мүшелерінің зақымдануы: еркектерде – жедел орхиттер, әйелдерде – түсік тастау, менструалды циклдың бұзылуы, жатыр мен аналық без қосалқыларының қабынуы болуы мүмкін.

Неғұрлым емдеуді ерте бастаса, соғұрлым толық сауығу да тезірек болатынын естен шығармау керек. Уақтылы дәрігерге қаралмау еңбеккеқабілеттіліктің ұзақ уақытқа жоғалуы, тіпті мүгедектікке әкелуі мүмкін.

2016 жылы қала аумағында  бруцеллез ауруының  9 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1жасөспірім, тіркелгеннің ішінде 4 жағдайы ұйымдаспаған заңсыз сауда сату орындарынан сатып алынған сүт және сүт өнімдері болып отыр. 2017жылдың 3 айында 1 жағдай тіркелген.

Өткізіліп жатқан алдын алу шараларына қарамастан, қала халқы күнделікті тамақтану рационына заңсыз сату орындарынан сатып алынған, қажетті термиялық өңдеуден өтпеген мал өнімдерін пайдалануды жалғастырып келеді. Соның арқасында өздерін және жақын туыстарын жұқтыру қауіпіне төндіріп отыр. Сонымен қатар санитарлық-ветеринарлық сараптамасыз қолданылған сүт және сүт өнімдері тек қана бруцеллез емес, лептоспироз бен листериоз т.б. жұқпалардың берілу факторы болып табылады.

Құрметті қала халқы мен қала қонақтары! Денсаулықтарыңызды сақтау үшін белгісіз сату орындарынан, үй аулаларынан шығу тегі белгісіз арзан ет-сүт өнімдерін сатып алудан аулақ болыңыздар. Мал өнімдерін тек катаң ветеринарлық-санитарлық бақылаудан өтетін және өнімнің сақталуы мен таратылуына жағдайлар жасалатын сауда орындарынан, ұйымдасқан базарлардан ғана сатып алу керек. Егер Сіз шаруа қожалығында мал ұстасаңыздар, малға қарау кезінде жеке тазалық шараларын сақтау қажет ( резиналық етік, қолғап, арнайы халат, алжапқыш/бас байлауыш, басқа киімдерден бөлек жуылуын қадағалап, өткізілген жұмыстардан кейін қолды мұқият жуып, мал тұратын қораны қидан тазалау керек, себебі, қида бруцеллез қоздырғыштары жарты жылға дейін сақталады; Қазақстан Республикасында рұқсат етілген дезинфекциялық препарттармен алдын алу шараларын алдын алу шараларын өткізу қажет; малда түсік немесе бруцеллез ауруына шалдыққан мал анықталса, ошақта барлық іс-шаралар ветеринариялық қызметкерлердің қадағалануымен ұйымдастырылады)

 

Қазақстан Республикасы ҰЭМ ТҚҚ Комитетінің ШҚО ТҚҚ Департаментінің Өскемен қалалық басқармасы» РММ басшысы Дерябин М.Л.