Баспасөз хабарламасы «Балалар қауіпсіздігі – бәріміздің міндетіміз»

Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы Сізді келесі тақырыпта өтетін дөңгелек үстелге шақырады: «Балалар қауіпсіздігі – бәріміздің міндетіміз»

Соңғы жылдары автомобилизацияның күрт өсуікөп қиындық туындатты, оның ішінде жол-көліктік жарақаттары көбіне«ұлттық апат» сипатына ие болуда.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамдарына сәйкес 2030 жылға қарай жол апаттары инфекциялық генез мен қант диабеті ауруларынан кейін адам өлімінің 7-ші себебі болуы мүмкін. Жыл сайын 1,2 миллионнан астам адам жол-көлік оқиғаларынан (жол-көлік оқиғаларында) қайтыс болып, тағы 20-50 миллионға жуық адам жарақат алтындығы, бұл мәселенің ауқымдылығы мен қауіптілігін көрсетеді.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары нәтижесінде жарақаттану, мүгедектік және болжалды өлім-жітімді азайту.

Дөңгелек үстелді «Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ММ ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы қолдауымен Өскемен қаласының білім бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылады. Дөңгелек үстелге Өскемен қаласының білім бөлімінің, ШҚО салуауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, ШҚО ана мен бала орталығының, ШҚО ішкі істер департаментінің, Өскемен қаласының жалпы орта мектеп білім беру макемелерінің директорларының орынбасарларының, оқу орнындағы қауіпсіздік мәселелеріне жауапты өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстелді өткізу орны мен уақыты: 2019 жылғы 11 қыркүйек сағат 14.00-де, Қоғамдық келісім орталығы Өскемен халықтарының достығы үйінің мәжіліс залы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 68, 1 қабат.

 

Анықтамалар үшін телефон: 25-48-57, Валентина Федоровна Гусева