Пресс-релиз Спартакиада медицинских работников 2017

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

 

2017 жылдың 2-ші маусымында сағат 9.00-де

Өскемен қаласында

Комсомол аралында «Салауатты болу – бұл өте жақсы!» атты ұранмен

медициналық қызметкерлердің қалалық Спартакиадасы өтеді

 

        2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамыту «Денсаулық» Мемлекеттік Бағдарламасын іске асыру аясында, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері Ұлттық орталығының қолдауымен 2017 жылдың

19-шы мамырынан 19-шы маусым аралығында республикада «Салауатты болу – бұл өте жақсы!» атты ұранмен медицина қызметкерлерінің Күніне орайластырылған медицина қызметкерлерінің республикалық спартакиадасы өтеді.

       Іс-шараның мақсаты – медицина қызметкерлері арасында жеткілікті физикалық белсенділіктің мәнділігін жоғарылату, медициналық жұртшылықты физикалық белсенділікпен айналысуға жұмылдыру, медицина қызметкерлерінің өз денсаулығы үшін, әсіресе МӘМС енгізу аясында, ортақ жауапкершіліктерін қалыптастыру.

        Қаланың медициналық мекемелерінің командалары келесі спорт түрлері бойынша жарысады: «Кіші-футбол», «Арқан тартыс», «Ерлер арасында эстафета», «Әйелдер арасында эстафета».

       Медицина қызметкерлері Спартакиадасының салтанатты ашылуына ШҚО ДБ басшысы, денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының ШҚО ұйымының төрағасы, Өскемен қаласы спорт бөлімінің басшысы шақырылады.

 

Тілдесу телефоны: 25-28-39

 


Fatal error: Call to undefined function feeds_source() in /var/www/goodzon/data/www/vko-zozh.kz/modules/php/php.module(80) : eval()'d code on line 2