МӘМС

Денсаулық сақтау жүйесіне арналған глобалды өзгерістер нақты айтқанда әлемде инфекциялық емес аурулардың өсуіне, жаңа медициналық технологияларды енгізуге және егде жастағы халықтың көбеюіне байланысты өзгерістер жүріп жатыр, бұл денсаулық сақтауға арналған шығыстардың ұлғаюына әкеледі. Қазіргі Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі осындай сындарға дайын болуы және жүріп жатқан өзгерістерге дер кезінде жауап беруі тиіс. инфекциялық емес аурулардың өсуі (онкологиялық, жүрек-қан тамырлары аурулары) жаңа технологияларды енгізу есебінен жүйенің ресурс сыйымдылығы, туу санының өсуі 10%-ға, өлім-жітімнің азаюы 27%-ға, егде жастағылардың санының артуы, инфляциялық процестер денсаулық сақтаудың шығындарының өсуіне әкеледі және міндетті медициналық сақтандыруды енгізу қажеттілігін тудырады.

Мемлекет басшысы өзінің парламенттегі сессиясының ашылыуындағы баяндамасында көптеген дамыған елдердің дәлелденген денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың  прогрессивті жүйесі сияқты медициналық сақтандыруды енгізудің қажеттілігін сенімді түрде білдірген еді. Сонымен бірге елбасы МӘМС қатысудың шарттарымен байланысты көптеген мәселелер қатарын талқылауға салып шешуге тапрсырма берді. Егерде сан жүзіне көз жүгіртсек Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің ресми деректері бойынша елімізде 2,7 млн азамат бейресми жұмысбастылықпен айналысады, олардың ішінде 1 млн. адам өздерін жалдамалы жұмысшымыз деп есептейді. Бірақта олардан ешқандай зейнетақы жарнасы және т.б. жарналар түсіп жатқан жоқ. Медициналық сақтандыруды енгізу бойынша реформа елімізде жалғасын тауып жатқанын және оның тоқтап тұрмағанын, мүлдем жойылмайтынын түсіну өте маңызды.

2020 жылға дейін медициналық көмек алу жоспарында халық үшін қандай өзгерістер болмақ?

2018-2019 жылдардың ағымында барлық санаттағы азаматтар үшін медициналық көмек көрсету бұрынғыша  тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүзеге асырылады. Осы жинақта мынадай тегін медициналық қызмет түрлері сақталатынын еске саламыз: жедел жәрдем және санитарлық авиация, вакцинация, әлеуметтік маңызды аурулар мен қоршаған ортаға қауіп тудыратын аурулар кезінде, амбулаторлы-емханалық көмек, бастапқы медициналық-санитарлық көмек, кеңес беру-диагностикалау қызметтері, амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету, шұғыл және жоспарлы стационарлық көмек, стационардың орнын алмастырушы көмек, жоғары технологиялық медициналық қызметтер.

2020 жылдан бастап МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) енгізумен байланысты бөлінген бюджеттік қаржы деңгейіне, дейінгі ТМККК пакетін жетілдіру арқылы мемлекет міндеттерінің анық шектеулері жәнеде басымдылығы аз медициналық қызметтердің кейбір түрлерін лимиттеу және адекватты тарифтерді қалыптастыру анықталатын болады. Басқаша айтқанда тегін медициналық қызметтерге егжей-тегжейін ашып, талдау тексеру жүргізіледі және оларға бөлінген қаржы көлемімен сәйкес келетіндігі тексеріледі.

ТМККК кірмей қалған қызметтерді халық мына түрде ала алады: МӘМС аясында  немесе өздері ақысын төлеу арқылы немесе ерікті медициналық сақтандыру арқылы (бұдан әрі ЕМС).

Минималды әлеуметтік кепілдікті сақтай отыра МӘМС жүйесіне  халықты ауырсындырмай кіргізуді,қамтамасыз ету үшін сақтандырылмағандар медициналық қызметтің кепілдендірілген көлемін мемлекет есебінен 2022 жылға дейін тек қысқартылған түрде ала алады. Ал керісінше МӘМС жүйесінде сақтандырылғандардың артықшылығы олар 2020 жылдан бастап медициналық қызметтің кеңейтілген жинағын ала алады.

Осындай әрекет сақтандырылмаған азаматтардың медициналық қызмет үшін өз қалтасынан ақы төлеуіне немесе сақтандырылғандар қатарына енуге стимул жасайды.

2015 жылы жеке азаматтардың денсаулық сақтау саласына жұмсаған шығыны 500 млрд. Теңгені құраған. Сонымен бірге оның 25%-ы ТМККК аясында кепілдендірілген.  Сол үшін халық тың қалтасынан шыққан қаржы үлесі 2011 жылы 31%-дан 2015 жылы 39%-ға өскен. ВОЗ бұл шығындарды халықты кедейшілікке ұшырататын шығын деп есептейді. Жәнеде бұл денсаулық сақтау жүйесінің тұрақсыздығы жайлы айтуға жол бермек.

Осыған орай Қазақстанда дәрі-дәрмектерге жекеше шығындану дәрілерге жұмсалатын шығынның барлық көлемінен 83%-ға өскенін көрсетеді. Ал бұл кезде мемлекет барлық шығынның 1/6 бөлігін ғана төлейді. Дәрілерге жұмсалағн мемлекеттік және жекелей шығындардың мұндай ара қатысы қарапайым халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген көңіл толмаушылығына әкеп соғады.

Осы жағдайда әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосымша ресурстар тартып қана қоймай, бюджеттік шығындардың өсуіне тоқсату сала алады. Жәнеде сақтандыру арқылы халықтың қалтасынан шығатын шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен МӘМС енгізу өмірлік мәні бар прогрессивті реформа болып табылмақ.

МӘМС кәдімгі медициналық сақтандырудан айырмашылығы мынада:мемлекет бақыламайтын медициналық сақтандырушылар нарығы тек дені сау жас азаматтарды ғана сақтандыруды көздейді. Ал, медициналық көмекке көбірек мұқтаж болатын халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы - балалар мен қарттарды артқа қалдырады, оларды қажетсіз, басымдылығы аз клиенттер деп санайды.

МӘМС енгізуден алынатын нәтижелер:

Сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі

Халықтың талабына сай жауап бере алатын денсаулық сақтау жүйесі

Денсаулықтың жақсаруы, өмір сүрудің ұзаруы

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді кеңейту

Денсаулық сақтауға бейресми төлемдердің деңгейін төмендету

Ресурстарды пайдалану бойынша қоғам алдында есеп беру

Мемлекет пен азаматтардың денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі

Денсаулық сақтау индустриясын және жекеменшік денсаулық сақтауды дамыту үшін стимул

Еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдіру: бәсекеге қабілетті жалақы алу мүмкіндігі.


Fatal error: Call to undefined function feeds_source() in /var/www/goodzon/data/www/vko-zozh.kz/modules/php/php.module(80) : eval()'d code on line 2