Тренинг «Нашақорлықтың алдын ал!»

17.01.2018 жылы Аягөз қаласының «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы маманы «№ 6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» 11 класс оқушыларына «Нашақорлықтың алдын ал!»тақырыбында тренинг өткізді.

Еліміздің ертеңі осы жастар болғандықтан, салауатты өмір салтын насхаттай отырып,табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықтың басты қағидалары: жасөспірімдерге зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстау мақсатында оқушыларға есірткінің зияндылығы жайында және одан бойын аулақ ұстау үшін оқушыларға тренинг жүргізілді. Тренинг барысында бірнеше жаттығулар жүргізіліп,тақырыпқа сай суреттер салғызылып, кері байланыс сұрақтары қойылды. Ақпараттық білім беру материалдары таратылды. Қатысушылар саны-10.

 

Аягөз қ-ң «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы