Салауатты өмір салтына 10 қадам

2018 жылдың 18 қантарында ШҚОСӨСҚО мамандарымен Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушыларына «Салауатты өмір салтына 10 қадам» тақырыбында семинар өткізілді. Өткізілген іс-шараның мақсаты оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану жолдарын түсіндіріп, білімдерін арттыру.

Әрбір адамның салауатты өмір сүруге толыққанды қалай жетуге болатыны 10 қадам арқылы талқыланды. Семинар соңында тақырып бойынша видеожазба көрсетіліп, мамандар оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

 

«ШҚОСӨСҚО»  ММ