Денсаулық мектептері

Аягөз аудандық орталық ауруханасында 7 денсаулық мектебі бар: «Отбасын жоспарлау», «Дені сау бала», «Артериалды гипертония және жүректің ишемиялық аурулары», «Бронхиальды астма», «Жас ана мектебі», «Босануға дайындық мектебі», «Қант диабеті мектебі».

Мектептердің мақсаты: қауіп – қатер факторларын бағалау, емделушіге салауатты өмір салтын дұрыс ұстануды үйрету. Өткізілетін сабақтарды бөлімше дәрігерлері,акушер-гинекологтар, практикалық бөлімін бөлімше медбикелері, психологтар жүргізеді.

 

Аягөз аудандық орталық ауруханасы салауаттыөмір салтын қалыптастыру кабинеті