Туберкулез ауруларының алдын алу іс-шаралары

Егер науқас өз науқасы туралы ақпаратты толық меңгерген болса, ол ауыруымен оңай күресе алады. Туберкулезді емдеуде өте маңызды орын науқастың оның емделуіне ынталануы, сондай-ақ  көптеген науқастар үшін «туберкулез»диагнозы айықпайтын аурумен байланыстырылады. Науқасынан айығуға ынтасын күшейту және дамытудың бірден-бір жолы -ол науқаспен жұмыс жасау. Жақсы ақпараттандырылған, оқыған науқас медицина қызметкерлерінің барлық талаптары мен ұсыныстарын орындай отырып олардың одақтасына айналады. Сенім дәрежесі төмен науқастарды нандыру өте қиын.

Олармен кейде сендіріудің бірнеше тәсілдерін пайдалана отырып, әртүрлі әңгіме өткізуге тура келеді. Алдын алу іс-шаралары туберкулезбен ауырған науқастың алғаш қаралған жері диспансерде және емделуге жіберілген аурухана бөлімшесінде жүргізіледі. Емхана учаскелік медбикелері науқастарды бірінші рет келгенде  көпшілік орындарында (жөтелгенде және түшкіргенде ауызды жабуды) отбасында (жеке ыдыс-аяқ,жеке төсек,сүлгі және түкіру үшін қақырықты зарарсыздандыруға,міндетті түрде дезинфекция жүргізуге және желдету) сақтық шараларымен таныстырады. Осындай сақтық жұмыстары әрбір науқаспен және байланыста болатын оның туысқандарымен әңгіме түрінде жүргізіледі. Қосымша ақпараттты учаскелік медбике ауру ошағына (туберкулез науқасының тұратын жеріне) барғанда береді. Мұндай жұмыстарды стационарлық бөлімшелерде палата медбикелері жүргізеді. Әдетте стационарға науқастың түсуіне қарай 3-4 адамнан топтар құрылып, лекция мен әңгіме түррнде сабақ өткізіледі. Ауру туралы міндетті тақырыптардың арасында: туберкулез науқастарының стационардағы мінез-құлқы, туберкулезді емдеуге арналған медициналық аппараттардың қолданылуы,жанама әсерлері және шығару кезіндегі ақпараттар. Ең маңыздысы науқастың жазылып шығуып отбасына,жұмыс орнына,қоғамға қайта оралуына сенімді болуы. Медицина медбикелері туберкулезден толық жазылып кетулері туралы өз дәрістерін мысалдар мен статистикалық деректермен суреттейді. Сондай-ақ науқастарға бірсәтте 4-5 дәріні қабылдаумен емдеудің ұзаққа созылатындығы (6-9 ай) туралы түсіндіреді. Медицина қызметкерлерінің міндеті-науқастарды қарым-қатынас қажеттілігінің шектеулеріне және бұл кезде аса айта кететін жай бұл шектеулердің уақытша екендігі туралы өйткені барлық талаптар сақталған кезде емнің нәтижесі болатынына сендіру. Науқастарды адамдармен қарым-қатынас кезінде туберкулез көбінесе ауа-тамшы жолмен берілетінін және туберкулезді жұқтыру қаупін төмендету үшін,сақтық шараларын жасауды үйрету. Диспансер медбикелері әрбір туберкулездің алдын-алу шаралары туралы оқытылған науқастардың ақпараттарын басқа науқастармен бөліседі.Үшінші бағыт-медбике қызметкерлерінің қызметі науқастардың жақын араласатын адамдарымен немесе туысқандарымен зарарсыздандыру шараларын жүргізулері керек. Бұл кезең диспансердің ішкі және сыртқы жұмыстарына бөлінген. Медбикелер ауру ошақтарына барған кезде науқастың туысқандарына,жеке гигиена туралы, зарарсыздандыру шаралары туралы ұсыныстр беріп,тұрмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша тәуекел факторлары туралы түсіндіреді. Мұндай жұмыс медицина қызметкерлерінің жақсы психологиялық дайындықтарын талап етеді. Медбике науқастың туысқандарына науқастың емделіп кетуіне үмітін енгізу туралы,оған қалай қолдау көрсету керектігі туралы тусіндіруі керек. Өйткені, кез-келген ауру кезінде,сәтті аяқталуына жақын адамдарының қолдау көрсетуі күш және сенімділік береді. Алдын-алу шаралардың төртінші кезеңі- жалпы емдеу мекемелерінің (ЖЕЖ) медбикелерін семинар сабақтарын өткізу арқылы оқыту. Осылайша оқытудың таусылмас (каскадты) әдісі жүзеге асырылады. Туберкулездің ерте анықталу бойынша мәселелерін шешу жөнінде ЖЕЖ медбикелерін оқыту келесідей бөлімдерді қамтиды:туберкулез туралы ақпарат:этиология,патогенез,клиникалық көріністері;адамдарға ерекше назар аудара отырып,тексеріп-қарауға жататын барлық тұрғындардың флюорографиялық тексерулерін сауатты жоспарлау. 2 жыл ішінде және одан көп уақыт флюорографиялық тексеруден өтпегендердің сапалы флюорографиялық тексеруден өтуі: флюорографиялық тексеру жоспарын орындауды бақылау, тексерілуден өтпеген адамдарды тексерілуден өтуге шақыру; флюорография өту үшін тұрғындардың уәждемесі:әңгімелер өткізу,уақытылы флюорографиялық тексерілу туберкулездің бастапқы сатысының ерте анықталуына мүмкіндік беретіні туралы жадынамалар тарату, яғни ауруды емдеу мүмкіндігін ұлғайтады; өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (СӨОА) бар науқастардың қақырығын тексеру, тәуекелі жоғары туберкулезбен сырқаттанушылық тобындағы осы контингенттің егжей-тегжейлі зерттелуін жоспарлау: балалардағы туберкулездің негізгі әдісі диагностиканың туберкулиндігін жүргізу. Ата-аналармен жұмыс;тұрғындармен санитарлық-ағартушылық жұмыстарын жүргізу: бұқара халыққа туберкулез туралы, оның алдын алу туралы ақпаратты жеткізу. Жалпы тәжрибелі оқыған медбике бұл аурудың белгілері бар тәуекелі жоғары туберкулезбен сырқаттанушылық тобындағы науқастың жаңа жағдайын табуы мүмкін. Туберкулездің ерте анықталуы науқастардың тезірек және толық сауығуларына және қарым-қатынас нәтижесінде жұқтырғандар санының азаюына ықпал етеді. Науқастардың ауруының ерте даму кезеңінде туберкулезді салыстырмалы түрде тез және тиімді емдеуге болады:бұдан басқа туберкулездің ерте анықталуының арқасында науқастың айналасындағылардың арасында ауруды жұқтыруды болдырмағандырмау,олай болмағанда  әрбір емделмеген туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас жыл бойында 10-15 адамға жұқтырады. Осылайша туберкулездің кеңінен таралуы, сапалы профилактикалық жұмыс ізстеуді,жаңа және дәстүрлі әдістерді жетілдіруді, оны өткізуді талап етеді.

 

Врач эпидемиолог КГКП «Восточно-Казахстанский Областной Противотуберкулезный диспансер» УЗ ВКО Городюк Елена Валерьевна


Fatal error: Call to undefined function feeds_source() in /var/www/goodzon/data/www/vko-zozh.kz/modules/php/php.module(80) : eval()'d code on line 2