Семинар: «Есірткі деген не?»

8.02.2018 жылы Аягөз қаласының «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы маманы «Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» 8 класс оқушыларына  «Есірткі деген не?» тақырыбында семинар мен викторина өткізді. Нашақорлық – адам ағзасын өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт.

Оны әсіресе, жас ағзалар тез қабылдайды. Мұны медицинада «наркотизм», ал оның ауыр түрін «наркомания» дейді. Грек тілінен аударғанда «нарко» - жасанды ұйқы,«мания» - есі кету,есіру деген ұғым береді. Есірткі түрлері әр алуан болып келеді және бағасы адам ойламайтын құнға жетеді. Оларды тізіп айта берсек, өте көп. Мысалы: кокаин, героин, конопля, ханка, мак, гашиш т.б. Бұлардың ең танымалысы – анаша. Көптеген жасөспірімдер нашақорлыққа бет алуды анашадан бастайды. Есірткілер зат алмасу процесіне еніп, ең бірінші серотин өндіріп шығаратын ми жасушаларын өлтіреді. Серотин мидың көңіл-күй өзгерісін қадағалайтын зат, бұл адамды пәсең және селқос қылдырады. Иммундық жүйе зардап шегеді. Сондықтан адам ағзасы әртүрлі инфекцияларға қауқарсыз келеді. Ішкі тамырға есірткі қолданудың салдарынан психика, жүрек-қан тамырлар және жүйке жүйесі ғана емес, сонымен қатар бауыр, бүйрек ауырады, иммунитет төмендейді, тістер бұзылады, тамырлары ауырады, ой-өрісітің деңгейі төмендейді. Есірткіні мөлшерден тыс қолданудың қауіпі зор, оның салдары өлімге алып келеді, ал есірткі қолданғаннан болатын психиканың бұзылуы кей кезде ең  өкініштісі өзіне – өзі қол жұмсауға әкеліп соғады. Оқушыларға жалпы тақырып бойынша мағлұматтар берілді. Қатысушылар саны-16.

 

Аягөз қ-ң «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы