Созылмалы тонзиллит дегеніміз не?

Өзекті мәселе! Соңғы кездері лор аурулары етек жайып келеді. Жалпы статистика бойынша таңдай бездері ауруымен Жер шарындағы адамдардың жартысынан көбі ауыратындығы анықталып, ал дамыған мемлекеттерде жекелей таралу жағынан 50-70% құрайды. «Амбулаториялық орталық» мекемесінде 2017 жылы ЛОР дәрігеріне таңдай бездері ауруларымен 63 % науқас медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде: 40% - әйел адамдар болса, 23 %  – ер адамдар.

Созылмалы тонзиллит – ұзақ уақыт ағымындағы таңдайдың бадамша бездерінің қабынуы. Сырқат жиі ағзаның жалпы улағыш-аллергиялық серпілісін тудырады, ол басқа да аурулардың себепкері болады. Созылмалы тонзилит үшін ангина түріндегі мерзімдік асқынулар тән.

Таңдайдың бадамша бездері – бұл лимфа жүйесінің бөлігі болып табылатын ағза, ол имундық жүйенің басқа да мүшелерімен бірге біздің иммунитетімізді қалыптастырады. Бадамша бездерінің ағзадағы атқаратын қызметтері екеу. Біріншіден, қорғаныш: бадамша бездерінде макрофагтардың көп мөлшері өндіріледі, олар вирустар мен бактерияларды "жалмап жеу" және "сіңіру" қабілетіне ие. Екіншіден, олар қантүзілім барысына қатысады, өйткені оларда жүре пайда болған иммунитетке жауап беретін лимфоциттер – қан жасушалары түзіледі. Бадамша бездері балалық жаста үлкен рөл атқарады, себебі оларда жүріп жатқан қорғаныш үдерістері болашақта берік иммунитеттің қалыптасуына әкеледі.

Созылмалы тонзиллиттің себебі неде?

Созылмалы тонзиллиттің қоздырушылары көбінесе бактериялар болып табылады: стрептококктар, стафилококктар, энтерококктар. Бадамша бездерінің созылмалы қабынуы жиі жедел қабынудың жалғасы болып табылады. Дұрыс емес дәрі-дәрмекпен емдеуге,  аллергиялық серпілістерге және басқа да жалпы себептерге байланысты ол, әдетте, иммунитеттің бұзылу салдарынан дамиды. Аурудың дамуына ықпал ететін жергілікті себептердің ішінен, мұрын тынысы бұзылатын жағдайды атап айту қажет. Көбінесе бұл кеңсіріктің қисаюынан, аденоидтан немесе кеңсіріктің ісіп ауыруынан болады. Сондай-ақ, созылмалы тонзиллитің дамуына іріңді гайморит және тісжегі сияқты аурулар жиі ықпал етеді.

Созылмалы тонзиллиттің белгілері

Созылмалы тонзиллиттен азап шегуші адамдар, тамақ ауруы мен жағымсыз сезімдерге шағымданады. Созылмалы тонзиллиттің жиі кездесетін белгілеріне бадамша безінің қуысындағы шіру үдерісінен туындаған ауыздың жағымсыз иісі болып табылады. Мұндай емделушілер бадамша бездерінен бөлінетін іріңді қайта-қайта түкіріп отырады. Науқастар жалпы әлсіздіктен қиналады, ұзақ уақыт бойы ақыл - ой және дене еңбегін сапалы орындауға қабілетті емес. Жөтел пайда болады, кейде ұзақ мерзімге дене қызуының жоғарылауы байқалады. Мойын және жақ асты лимфалық түйіндері ұлғаяды.

Дәрігер тексеру кезінде бадамша бездерінің қуысындағы іріңді анықтайды, бадамша бездерінің өздері жиі дәнекер тін мен таңдай және жақын жатқан тіндермен біріктірілген. Жұтқыншақ қызарған және ісінген болады, бадамша бездерінің жанындағы тіндер  аурулы болуы мүмкін.

Созылмалы тонзиллиттің асқынуы

Егер созылмалы тонзиллитті ұзақ уақыт бойы емдемей қойса, ол асықынып кетуі мүмкін. Оның теңгерілмеген түрінде асқынулар аса қауіпті. Аурудың бұл түрінде бадамша бездерінің, ангинаның маңында іріңдеген жерлер пайда болуы, бронх қабынуы түріндегі тыныс алу жүйесінің зақымдануының дамуы ықтимал. Ревматизмнің, нефриттің полиартриттің, эндокардиттің туындауындағы созылмалы тонзиллиттің рөлі дәлелденген. Себебі ұзақ уақыт бойы стрептококтық жұқпаның  (бета – гемолиздік) ошағының болуының салдарынан дамушы жұқпалық - аллергиялық процесс болып табылады.

Созылмалы тонзиллит асқазан және ішек ауруларын қоздыруы мүмкін. Сондай-ақ, эндокриндік жүйенің мүшелерінің зақымдануы мүмкін - науқастар дене салмағының өзгеруіне, яғни, семіздікке немесе салмақ тастауына шағымдануы ықтимал, тәбеті бұзылып, шөлдеуі мүмкін. Етеккір циклінің бұзылуы және жыныстық белсенділіктің төмендеуі кездеседі. Созылмалы тонзиллит ұйқы безі қызметінің ншарлауы салдарынан қант диабетінің дамуына әкелуі мүмкін екені дәлелденген. Несеп шығару жүйесі мен бүйректің іріңді зақымдануының дамуы мүмкін.

Созылмалы тонзиллитті емдеу

Дәрігер барлық факторларды ескере отырып, әрбір нақты науқас үшін емдеудің адекватты әдісін таңдайды. Созылмалы тонзиллиті емдеу алдында, міндетті түрде, тісжегіні және жұтқыншақтың аса қабынба ауруларын емдеп алу қажет. Заманауи медицина созылмалы тонзиллиті емдеудің екі тәсілі бар – консервативті ем мен хирургиялық.

Консервативті емге хирургиялық емдеу үшін қарсы көрсетілімдері бар кезде жүгінеді. Емделушіге күннің және тамақтанудың ұтымды режимін сақтау, дене жаттығулары, климатты өзгеру ұсынылады.

 

Абдулмажитов Дмитрий Николаевич, ЛОР врач Учреждения «Амбулаторный центр»