Мектеп алыстан көрмеушілігінің алдын алу

Алыстан көрмеушілік (миопия) бұл алыста орналасқан заттардан келетін, параллель жарық сәулесінің торқабық алдында жалғанып, сыну аномалиясының бір түрі. Миопия сынудың анағұрлым кең таралған бұзылуы болып табылады.

Мектеп жасындағы балаларда анықталған алыстан көрмеушілікті, мектеп деп атайды. Миопиямен планетаның әрбір үшінші тұрғыны ауырады. Қазақстанда бүгінгі күні алыстан көрмеушілік оқушылардың 25-30% ды.

Әдетте, алыстан көрмеушіліктің пайда болуы мектептегі оқу басталған мерзіммен дәл келеді. Әсіресе ол 7-ден 9 жасқа және 12-ден 14 жасқа дейінгі өтпелі жаста дамиды.

Алыстан көрмеушіліктің дамуының негізгі теріс факторлары:

  • - көру жұмыстары кезінде мектепте және үйдегі жарықтандырудың жеткіліксіздігі;
  • - баспа басылымдарының төмен сапасы;
  • - мектеп жиһаздарының бала бойына сәйкес келмеуі;
  • - сабақ кездеріндегі дене мүсінінің дұрыс еместігі;
  • - баланың күн режимінің тиімсіздігі;
  • - оқу процесі кезіндегі көру үзілісінің жоқтығы;
  • - дене шынықтырумен жиі айналыспау;
  • - теледидар және компьютер алдында артық уақыт өткізу;
  • - балалардың қосымша білім алумен артық жүктелуі болып табылады.

Алыстан көрмеушіліктің алғашқы белгілері алыстан көрудің төмендеуі болып табылады. Басында көз көруінің төмендеуі қайтымды болуы мүмкін. Міне неліктен балалардың көзін жиі тексертіп тұру маңызды. Мектеп оқушылары алыстан көрмеушілік кезінде тез шаршағыштық, жайсыздық, көздің батып ауруы және жақын қашықтықта жұмыс істеген кезде нақты көрмеу, кейде маңдай, самай аумағының ауруы, жарықтан қорқу, алысқа қарағанда бұлдырау, сонымен бірге осы симптомдардың демалудан кейін әлсіреуі және жақыннан ұзақ жұмыс істегенде күшеюіне шағымданады. Оқу және жазу кезінде алыстан көрмейтін балалар мәтінге көздерін жақындатады, алыстағы заттарға қарағанда кейде көзін сығырайтады. Миопия кезінде тақтадағы әріптер таза көрінбейді, балалар теледидарға жақын отыруға тырысады.

Көз көру бұзылуының алдын алудың негізгі талаптарының бірі оларды оңай емдеу үшін, ерте бастан көз көрісінің бұзылуын анықтауға мүмкін болатын, мектепте балалар ұжымын жиі тексеріп отыру.

Көз көру бұзылуының профилактикасына сынып, шеберхана және басқа да оқу орындарындағы жарықтандырудың негізгі ережелерін сақтауға бағытталған.

Үй жағдайында оқу тапсырмаларын орындау, оқу, сурет салу кезінде жарықтандырудың жоғары деңгейін сақтау қажет. Жалпы жарықтандырудан басқа көзге жарықтың тікелей түсуінен қорғайтын, абажурымен 60 ваттан кем емес үстел шамының көмегімен дәптер, кітаптарға жергілікті жарық қажет. Жарық жұмсақ (күңгірт шам), көзді ауыртпайтын, бірақ оқу орнын біркелкі жарықтайтын болуы тиіс. Жазу, сурет салу, сызу сызу кезінде жарық көзі міндетті түрде арттан және алдыдан (сол қолды балалар үшін оң жақтан) болуы керек.

Көз көру пайда болуының профилактикасы оқушыларды дұрыс отырғызу және көзден жұмыс нысанына дейін дұрыс қашықтықты қамтамасыз ететін, бойға сәйкес келетін, ыңғайлы жиһазды пайдалану болып табылады.

Көз көру нашарлаған балаларды терезеге жақын орналасқан алдыңғы партаға отырғызу керек. Көз көруі өткір реттелген оқушылар 2-3 партада отыруға болады.

Кітап немесе дәптерлерді көзден 33 см қашықтықта ұстау қажет. Бұл кезде көз алмасы азырақ ақауланады. Дұрысы тіреуішпен оқыған жөн.

Жатып әсіресе бір қырында жатып, сондай-ақ көлікте оқуға және ойнауға болмайды. Жатқанда, әдетте нысанның дұрыс жарықтануы жетпейді, ал бір қырымен жатқанда, көз қарайтын заттан әртүрлі қашықтықта орналасады да бұл көздің шаршауы мен бастың ауруына әкеліп соғады. Көлікте жүріп келе жатқанда оқу, көліктің дірілінен және бұнымен қоса қолайсыздықтың пайда болуына байланысты зиянды болады.

Балалардың денсаулығын, онымен қоса олардың көз көруін сақтау үшін үйдегі және балалар ұжымында оқуларды тиімді ұйымдастыру және дұрыс күн режимі үлкен маңызға ие. Оқу сабақтарының кестесін қызмет сипаты кезектесетіндей етіп жасаған дұрыс болады. Назарын жинақтауды талап ететін, әрбір сабақтан кейін қозғалыстарды енгізетін, дене шынықтыру немесе музыкалық үзілістер ұйымдастыру қажет.

Сабақтар арасында аккомадацияны босаңсыту үшін жаттығулар жасау ұсынылады. Мектептен келе салып бірден үй жұмыстарын орындау, мектеп сабақтарынан кейін жинақталған көз шаршағанын күшейте түседі. Бірінші сынып оқушылары үшін оқу сабақтарының ұзақтығы үйде 1 сағаттан, 2-3 сынып оқушылары үшін 1,5-2 сағаттан аспауы тиіс. Егер баланың көз көруі жақсы болса, сабақта әрбір 40 мин, әлсіз алыстан көрмеушілік кезінде 30 мин, орташа және жоғары алыстан көрмеушілік кезінде 10-15 мин сайын үзіліс жасау қажет.

Телебағдарламалар көруге қойылатын талаптар.

7 жасқа дейінгі балалар үшін ТД көрудің ұзақтығы күніне 30-40 мин аспауы тиіс, одан жоғарырақ жастағыларға күніне 1,5-3 сағатқа дейін, теледидардың түріне қарамастан, бірақ үздіксіз 1 сағаттан аспайтын теледидар көруге болады. Көз көру қысымының дәрежесі теледидар қарау жағдайына да байланысты болады. Бөлме жабдықталуы, бала 3-5 метр қашықтықта әрі бұл кезде тура экран алдында отыруы қажет.

Компьютермен жұмыс істеген кезде көздің талуы осы аспаппен жұмыстың ерекшелігіне байланысты болады. Экрандағы бейне өз бетімен жарықтанатын болып табылады да, баспа мәтіні бейнеленген жарықта қабылданып, экрандағы бейне жарығының мәнісі ішіндегі бір символдың және т.б тербелістеріне ұшырайды. 3 жасқа дейінгі балаларға компьютерді пайдалануға рұқсат етілмейді – бұл олар үшін өте үлкен эмоциялық және көз көруіне жүктеме болып табылады. 3-7 жастағы балалар экран алдында күніне 15 минут, 1-ші сыныпта – 20 миут, 2-5 сыныптарда – 25 минут, жоғары сыныптарда қатарынан 30 минуттан артық болуға болмайды.

 

«Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК ұйымдасқан балаларды қамту жөніндегі бөлімінің фельдшері Батурина Ирина Эдуардовна