АИТВ/ЖИТС өзекті мәселелерін түсіндіру бойынша іскерлік құрылымдардың өкілдерімен кездесу

21 ақпанда ШҚО ҚДСД базасында Өскемен қаласының әртүрлі бизнес-құрылымдарының өкілдері ШҚО ЖИТС орталығының және ШҚО ҚДСД қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу АИТВ індетінің қазіргі жай-күйін, АИТВ жұқтырған адамдарды жұмысқа орналастырудағы стигма және кемсітушілік мәселелерін, сондай-ақ АИТВ-инфекцияның бизнеске әсерін талқылады.

Кездесу барысында АИТВ туралы фильм көрсетілді, ақпараттық материалдар мен инфографика таратылды, сауалнама жүргізіліп оған 25 адам қамтылды.