Туберкулез ауруының алдын алу бойынша лекция өткізілді

Жастар арасында туберкулездің алдын алу туралы хабардарлықты арттыру мақсатында, сонымен қатар Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған айлық аясында 2018 жылдың 22-ақпанында Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскер қатарына шақырушылар арасында дәріс өткізілді. Дәрісті аудандық фтизиатр Айгүл Орынғазықызы Бөлегенова жүргізді.

Дәріске барлығы 32 адам қатысты.Қатысушылар арасында «Туберкулез дегеніміз не?», «Темекінің зиянды әсері» тақырыбындағы парақшалар таратылды.

Жалпы орта білім беретін мектептерде «Таза қол» акциясы өткізілді

2018 жылдың 6-22 ақпан аралығында Аягөз қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінде жіті ішек және вирусты жұқпалардың алдын алу мақсатында «Таза қол» акциясы өткізілді.

Медицина қызметкерлері барлық сыныптарға қолды дұрыс жууды үйретумен бес минуттық «Таза қол» нұсқаулықтарын өткізді. Сонымен қатар оқушыларға «Тазалық денсаулық кепілі» тақырыбы бойынша әңгімелесулер жүргізілді.

«Таза қол» акциясы балабақшаларда өтті

2018 жылдың 6-22 ақпан аралығында Аягөз қаласының барлық мектеп алды ұйымдарында жіті ішек инфекциясының және вирусты инфекциялардың алдын алу мақсатында «Таза қол» акциясы өткізілді. Акция аясында медицина қызметкерлері көрнекі құралдарды қолдану арқылы балаларға қолды жуудың маңыздылығы, жеке гигиена ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

АИТВ/ЖИТС өзекті мәселелерін түсіндіру бойынша іскерлік құрылымдардың өкілдерімен кездесу

21 ақпанда ШҚО ҚДСД базасында Өскемен қаласының әртүрлі бизнес-құрылымдарының өкілдері ШҚО ЖИТС орталығының және ШҚО ҚДСД қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу АИТВ індетінің қазіргі жай-күйін, АИТВ жұқтырған адамдарды жұмысқа орналастырудағы стигма және кемсітушілік мәселелерін, сондай-ақ АИТВ-инфекцияның бизнеске әсерін талқылады.

Балалар невроздарының алдын алу

Бүгінгі әлемде біз, әсіресе балалар сыртқы ортаның әсеріне түсеміз. Балалар психикасы осындай әсерлерге өте сезімтал және жәбірленгіш келеді, бұл жүйке жүйесіне қатты күш салып, осындай балалар неврозы деп аталатын психикалық бұзылудың пайда болуы себептеріне әкелуі мүмкін. Бұл психикалық ауру қандай болады және оның пайда болуын қалай жоюға болады?