Бала иммунитетінің ерекшеліктері және оны нығайту жолдары

Иммунитет – адам денсаулығына түрлі жұқпалар мен зиянкес микробтарға организмнің төтеп беруі. Иммундық жүйенің кереметтілігі сол, ол ағзадағы сау жасушаларды тани алады және сырттан келген қауіп төндіретін жасушаларды жойып отырады. Сондай ақ, ағзадағы мутант клеткалармен де күрес жүргізеді. Бұған мысал, адам организмінде болатын ісік жасушаларын айтуға болады. Адам иммунитеті бұндай жасушаларды жетіле бастағаннан ақ жояды.

Құтырма туралы білудің артықшылығы жоқ

Құтырма ауруы – аса қауіпті, адамдар мен малдардың арасында тарайтын, орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, жұқпалы індетке жатады.

Ауру қоздырғышы өте ұсақ вирустар. Табиғатта аурудың қоздырғыштары, қасқыр, түлкі, қарсақ секілді жыртқыш аңдарда сақталады. Адамзаттың ең алғашқы қолға үйреткен жануарларлары ит пен мысықта бұл ауруға жиі шалдығады және құтырма ауруымен адамдардың және басқа да үй жануарларының ауруына себеп болады. Құтырма – ақыры өлімге әкеліп соғатын, аса қауыпты ауру.Жануар адамды немесе басқа жануарларды тістеп, қапқанда, жараға жұққан сілекейі арқылы ағзаға түседі де қан арқылы нерв талшықтарына жетіп, орталық нерв жүйесіне қарай жылжиды. 

Қалалық қазақ мектеп-лицейінде тренинг пен семинар өтті

5-6.11.2018 жылы Аягөз қаласының «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы мамандары «Қалалық қазақ мектеп-лицей» КММ-нің 7-9 класс оқушыларына «Мен таңдаған өмір» атты тренинг пен «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау» тақырыбында семинар өткізді.

Аягөз қалалық Политехникалық колледжінде семинарлар болып өтті

30 қазан мен 1 қараша 2018 жылы «Аягөз қаласының Политехникалық колледж» 1-2 курс студеттері арасында «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы мамандары «Ішімдік және жастар» және «Нашақорлық пен шылым шегудің алдын алу» атты тақырыпта семинарлар өткізді.