Что Вам нужно знать об обязательном социальном медицинском страховании:

Сақтандару медицинасы көптеген елдерде денсаулық сақтау жүйесінің тиімді үлгілерінің бірі ретінде танылды.

Ол азаматтарға медициналық көмектің көптеген түрін көрсетуге мүмкіндік береді.

Біздің де медицинамызды мәртебелі дәрежеге көтеруге уақыт келді, сондықтан Қазақстан Республикасында 2018 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) енгізіледі

Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу стратегиясы

8 қараша 2017 жыл. Көкпекті аудандық орталық ауруханасында жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен жалпы  тәжірибелік  медбикелер арасында,Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу стратегиясы бойынша семинар өтті.

Бірінші модуль: «Ерте балалық шақ - шексіз мүмкіндіктер кезеңі» тақырыбында жүргізген Бөлім бастығы – Н.К.Аубакиров.

Екінші модуль: Патронажды медбикенің маңызы тақырыбында № 8 жалпы тәжірибелік бөлімшесінің медицана  қызметкері – Д.К. Калиахметов жүргізді.

Үшінші  модуль:Қосымша  тамақтану, 6 айдан  бастап балаға қандай тамақ  беру  жайында  жүргізді – «Дені  сау балалар» кабинетінің  мед.бикесі - Н.Н.Укешева.

Бүкіләлемдік ЖИТСпен күреске арналған АИТВ алдын алу жөніндегі айлық (1 желтоқсан)

2017 жылдың 10 қарашасынан 10 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстан облысында АИТВ алдын алу жөнінде айлық өтеді.

Ең маңызды медициналық проблемалардың бірі-ЖИТС-жұқпасы.Ол бүкіл әлем бойынша үлкен жылдамдықпен таралуда. Жұқпа пандемиясы адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ) байланысты.

Семіздік (Артық салмақ)

Семіздік адамның сыртқы пішінін ғана өзгертіп қоймайды, сонымен қатар, денсаулығына өте зиян болып саналады. Егер Сіз бұл қағиданы дұрыс түсінсеңіз, күнделікті өмір сүру салтын өзгертуге тырысыңыз! Артық салмақтың зияндылығы: қант диабетін, атеросклероз, артериалдық гипертония және басқа жүрек қан тамыр ауруларының туындау қаупіне әкеліп соғатынын әрқашан есте сақтаңыз!

ЖИТС орталығының дәрігерлері Италияда

ШҚО ЖИТС орталығының бас дәрігері М.Жеголко және Емдеу алдын алу бөлімінің меңгерушісі Н.А.Оралбаева  ЖИТС пен күрес жөніндегі Еуропалық клиникалық қоғам Миланда өткізген  ЖИТС бойынша 16-шы Еуропалық конференцияға қатысты.