Пайдалы және зиянды тағамдар

Шығыс Қазақстан Облыстық салауаты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қазан айының отызы күні Өскемен қаласының «Қарлығаш» бала бақшасында жоғарғы және орта топтар арасында дұрыс тамақтану бала ағзасының қалыпты өсіп дауының негізі екендігі жөнінде «Пайдалы және зиянды тағамдар» тақырыбында семинар, викториналар өткізді.

«Біз алкогольге қарсымыз!» акциясын өткізді

2018 жылдың 22 қазанынан - 31 қазаны аралығындағы ішімдік ішуден бас тарту ұлттық күніне орайластырылған «Салауаттылық – өмір салты!» Ұлттық бағдарламасы аясында Аягөз қаласының «Нұрсалауат» жастар денсаулық орталығының мамандары Аягөз аудандық орталық ауруханасында «Біз алкогольге қарсымыз!» акциясын  өткізді.

Бруцеллез туралы не біліуіміз керек?

Бруцеллез – жұмыс жасау қабілетінен ұзақ мерзімге дейін айыратын жұқпалы аурушаңдық. Бруцеллезге барлық үй жануарлары шалдығады, соның ішінде қойлар, ешкілер, ірі қара малы, шошқалар мен иттер де ауырады. Сау мал ауру малмен бірге ұстаған кезде жұқтырады. Бруцеллезге шалдыққан малда жиі кездесетін белгілері – мал түсік тастайды,  төлі өлі туады немесе қысыр қалады.

Салауатты өмір салтын ұстанамыз!

Шығыс Қазақстан Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары, қараша айының 22-26 аралығында Өскемен құрылыс колледжінің студенттеріне ЖРВИ/Тұмаудын алдын алу мақсатымен «Денсаулық сағаты» тренингтерін және жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша семинарлар өткізді.

Баспасөз хабарламасы «Біз инсульттен күштіміз!»

2018 жылғы 2 қарашада 16.00 сағатта Өскемен қ. «Арзан» оптомаркетінде «Біз инсульттен күштіміз!» атты акция өткізіледі.

29 қазанда бүкіл әлемде жыл сайын Дүниежүзілік инсультпен күрес күні атап өтіледі. Бұл Күн 2006 жылы Дүниежүзілік Инсультпен күресу Ұйымымен халықтың инсульттен болатын өлім-жітімді төмендету және тұрғындардың инсульт проблемалары бойынша хабардарлағын жоғарлату бойынша белсенді іс-әрекеттерге үндеу мақсатында орнатылған болатын.