Баспасөз орталығы

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!

2018 жылдың 3 ақпан күні Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінде Дүниежүзілік онкологиялық ауруларына қарсы күрес күніне орай АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өткізіледі.

Бұл күні, мына мекенжай бойынша: Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 1, диспансерлік бөлімшеде, сағат 9-00 – 14-00 дейін емхана дәрігерінің жолдауынсыз дәрігер – онкологтан білікті кеңес ала аласыз

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!

2018 жылдың 27 қаңтарын күні Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінде Дүниежүзілік онкологиялық ауруларына қарсы күрес күніне және жатыр мойны обырының алдын алу бойынша он күндікке орайластырылған Ашық Есік Күні өткізіледі.

Бұл күні әйелдер білікті кеңес ала алады, сондай-ақ онкогинеколог дәрігерінен тексеруден өте алады.

Мына мекенжай бойынша: Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 1, ШҚООД емханасы сағат 9-00 – 14-00 дейін.

ПРЕСС-РЕЛИЗ "Онкоурологиядағы эндовидеохирургиялық операциялар"

Онкологиялық қызметінің мамандарын даярлаудың 3- деңгейлік  бағдарламасы аясында ШҚО ДСБ "Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық  диспансері"  ШЖҚ-ғы КМК 2017 жылдың 27-30 қарашасы аралығында РФ маманы С.В. Поповтың қатысуымен "Онкоурологиядағы эндовидеохирургиялық операциялар" ғылыми-тәжірибелік мастер-клас ұйымдастырады.