Баспасөз хабарламасы

Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығы Сіздерді мына тақырыптағы конференцияға қатысуға шақырады: "Мектептегі тамақтану: ұйымдастыру, қол жетімділік, сапа"

Бүгінгі күні балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты тамақтану және артық салмақ мәселесі үлкен маңызға ие болып, Қазақстан ұлтының денсаулығына қауіп төндіреді. ДДҰ Еуропалық бюросының жаңартылған деректеріне сәйкес, Қазақстанда әрбір бесінші бала артық салмақ пен теңгерімсіз және дұрыс тамақтанбауға байланысты проблемалардан зардап шегеді.

«1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. ЖИТС алдын алу және емдеудегі ДДҰ-ның қазіргі заманғы стратегиясы» баспасөз-конференциясы өткізіледі

2018 жылдың 15 қарашасында сағат 10.00-де Клинико-диагностикалық орталықтың ғимаратында: Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы 26 (2 қабат, конференц-зал) «1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. ЖИТС алдын алу және емдеудегі ДДҰ-ның қазіргі заманғы стратегиясы» баспасөз-конференциясы өткізіледі.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) мәліметтері бойынша бүгінгі күні әлемде АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың жалпы саны 35 миллионнан асты. Африканың Сахарадан оңтүстік бөлігі ең қолайсыз аймақ болып қала береді. АИТВ-инфекциясының 70% -ына дейін бұл аймақта бар.

Баспасөз хабарламасы «Біз инсульттен күштіміз!»

2018 жылғы 2 қарашада 16.00 сағатта Өскемен қ. «Арзан» оптомаркетінде «Біз инсульттен күштіміз!» атты акция өткізіледі.

29 қазанда бүкіл әлемде жыл сайын Дүниежүзілік инсультпен күрес күні атап өтіледі. Бұл Күн 2006 жылы Дүниежүзілік Инсультпен күресу Ұйымымен халықтың инсульттен болатын өлім-жітімді төмендету және тұрғындардың инсульт проблемалары бойынша хабардарлағын жоғарлату бойынша белсенді іс-әрекеттерге үндеу мақсатында орнатылған болатын.