АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу іс-шарасы

10.04.2019 жылы Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы мамандары «№6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» КММ-нің 10 сынып оқушылары арасында «АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу» атты семинар мен «СПИД кездейсоқтық емес» тақырыбында тренинг өткізді.

Басты мақсаты: «АИТВ/ЖИТС туралы жастарға кеңінен мәлімет беру, жастардың өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға қалыптастыру, жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу.

Семинарды бастамас бұрын оқушылардан «ия», «жоқ», «білмеймін», «жауап беруге қиналамын» жауап парақшалары арқылы тақырып жайында жалпы білімдерін тексеріп,жауаптарын алдық. АИТВ/ЖИТС туралы  толық мағлұмат беру үшін сайдтар мен видиобейнелер көретілді,ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

 

Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы