Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз !

5.07.2019 жылы Аягөз аудандық «Нурсалауат» жастар денсаулық орталығы мамандары мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі мамандарының бірлесіп ұйымдастыруымен «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты акциясы Битан таудан бастауын алып, орталық алаңда өз жалгасын тапты. Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы.

Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулық адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай,қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды,жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. Сонымен қатар біз, салауатты өмір салтын қалыптастыру жадынамаларын таратып, халық арасында насихат жүргіздік. Айта кететін жайт, жарыс жолы өте күрделі, тауға тікелей шығу керек болды. Мұнда тек спорттық бабындағы аудан тұрғындары болмаса, кез келген адамның қолынан келмейді. 10810, 10181, 97616 әскери бөлімдерінің қызметкерлері де ат салыса қатысты. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Аягөз  аудандық «Нурсалауат» жастар денсаулық  орталығы