Алғашқы қосымша тамақтандыруды енгізу

1. Тамақтандыру:

Екінші жарты жылдығынан бастап баланың тамағына қосымша тамақты енгізу, сәбидің дұрыс өсіп, дамуына және аурулардың алдын алудың қажетті жағдайы болып табылады. Екінші жарты жылдығынан бастап емшек сүті ең жақсы тамақтың түрі болып қалады, дегенмен өсіп-жетіліп келе жатқан баланың ағзасын толығымен қуатпен және қоректік заттармен қанағаттандыра алмайды. Қосымша тамақтандырудың негізгі талаптары уақытында енгізу, қоректік құндылық жағынан бірдейлігі, тағамның мөлшері жағынан қауіпсіздігі мен жеткіліктілігі.

Бала үшін емшекпен тамақтандырудың пайдасы мен ерекшеліктері

Емшекпен тамақтандыпу барысында баланың жақ аппараты, ауыз және тіл бұлшықеттері дамып, дұрыс тістүйісі қалыптасады. Көптеген бақылау көрсеткендей, емшек сүті баланың орталық жүйке жүйесінің қалыптасуына қолайлы әсер етеді. Кейінгі жылдары қант диабеті, аққандық, ас қорыту мүшелерінің созылмалы аурулары, атеросклероз сияқты аурулардың даму тәуекеліне қатысты табиғи тамақтандырудың қорғанысты әсері расталған.

Пневмонияның алдын алу

Ауруханадан тыс пневмония әлемдегі ең көп таралған жұқпалы аурулардың бірі болып табылады және жұқпалы аурулардан болатын өлім себептерінің арасында жетекші орын алады.

Ауруханадан тыс пневмония ауруханадан тыс жағдайларда пайда болатын жіті ауру. Ауруханадан тыс пневмониялар төменгі тыныс алу жолдарының инфекция симптомдарымен, дене қызуының жоғарылауы, жөтел, қақырықтың бөлінуі, кеуде қуысының ауыруы, ентігу және бұрын байқалмайтын ошақтардың рентгенологиялық белгілерімен - өкпеде инфильтративті өзгерістер жүреді. Полипиологиялық ауру болып табылады. Себептері көбінесе бактериялық, бактериялық-вирустық және вирустық этиологияның. Бактериялық этиология кезінде қоздырғыштар: пневмококтар, микоплазмалар, гемофильді таяқша, стафилококк болып табылады.

Адам папилломасының вирусы, не білу керек?

Әйелдер арасында ең жиі қойылатын сұрақ, жалған және дұрыс түсіндірілмеген деректер көп болғандықтан қаншама көз жасы төгіледі. Сонымен, АПВ тек адамдарды зақымдайды. АПВ 200-ден астам түрі бар, ол санаттарға және зақымдау орнына байланысты бөлінеді (біреуі жабыны, кейбір шырышты және т. б.). АПВ барлық басқа вирустардан ерекшеленетін бір ерекшелігі бар. Көптеген жағдайларда АПВ барлық түрлері, соның ішінде иммундық жүйенің көмегімен жоғары онкогенды 12 айдан кейін ағзадан жоғалады. Дегенмен, әйелдердің аз пайызында АПВ жоғалмаған жағдайлар кездеседі, ол дисплазияның даму қаупін арттыра отырып, жатыр мойны обырына әкелуі мүмкін.