Өз денсаулығың – өз қолыңда!

22 қыркүйекте 2020 жылы Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылар арасында онлайн-конференция өткізді. Тақырыбы: «Өз денсаулығың – өз қолыңда!» (мінез-құлық факторларының алдын алу конференциясы).

Конференцияның басты мақсаты:

  • - темекі шегудің, алкогольді ішімдіктер мен есірткіні тұтынудың денсаулыққа зиянды әсері туралы оқушылардың хабардарлығын арттыру.;
  • - жасөспірімдерді темекісіз, алкогольсіз, психобелсенді заттарсыз тұрақты әлем құруға, өзіне қандай да бір зиянды әдетті ешқашан пайдаланбауға немесе одан бас тартуға міндеттеме қабылдау арқылы іс-әрекетке жұмылдыру.

"ШҚОСӨСҚО" ММ маманы Ж. А. Мухтарова іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Конференцияда мамандар мағыналы мәліметтер берді: Облыстық психикалық денсаулық диспансерінің жоғары дәрежәлі нарколог-дәрігері Катанова Ғ. Р «Маскүнемдік және нашақорлық: себептер мен салдары» туралы баяндап берді. Екінші сөз «Жастар арасындағы салауатты өмір»  «Нұрсалауат» жастар денсаулық орталығының маманы Ануарбекова С. М. тізгіндеп берді. Келесі сөзді Семей қаласының реабилитация орталығынын психолог маманы Байбазарова А. А. «Жасөспірім және зиянды әдеттер» туралы айтты.

Іс-шара соңында мамандар қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды, оның бір аспектісі мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу болатынын жеткізді.

 

"ШҚОСӨСҚО" ММ маманы Ж. А. Мухтарова