Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!

Жіті респираторлы вирусты жұқпа және тұмау - әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан адамдарда кездесетін барлық аурулардың арасында бірінші орынды иеленеді. Инфекциялық патологиялардың 90 %-ы ЖРВЖ және тұмаудан кейінгі аурулармен байланысты болады. Әдетте, күз, қыс және көктем мезгілінде ЖРВЖ мен тұмауға шалдығу жиі кездеседі. Әсіресе, жиі аурушаңдыққа бейім ол  балалар мен ересектер, иммундық қабілеті төмен, созылмалы ауруларды бар адамдар науқастанады.

Тұмауға шалдығу адамдармен сөйлесу кезінде, жөтелгенде, түшкіргенде, тұмау вирусымен зақымдалған тұрмыстық заттар мен кір қол арқылы да жұғады. Науқас адам болған жерде бірге болу – ауруды жұқтырып алуға жетіп жатыр. Науқас адам жөтелгенде, сөйлескенде не түшкірген кезде ауаға тұмаудық қоздырғыштары бөлініп, ол сау адамның ағзасына ауыз арқылы кіріп, одан әрі көбейе бастайды. Аурудың белгілері 1-3 күннен кейін біліне бастайды.

ЖРВЖ және тұмаудың алғашқы белгілері: дене қызуының көтерілуі, буын және бұлшық еттердің ауырсынуы, катаральды белгілер, бас ауруы, мұрыннан су ағу, жөтел, көзден жас ағу, жарықтан қорғану, тамақ ауру.

Тұмауға шалдықпас үшін қандай шаралар қолдану керек? Ең бірінші – тұмауға қарсы екпе алу. Вакцинация жүргізуге ең қолайлы мерзім – 1 қыркүйектен 15 қарашаға дейін. Эпидмаусым басталардан бір ай бұрын алынған екпе кезінде ағзада вирусқа қарсы антиденелер бөліп, иммундық қасиет қалыптасады.

Өскемен қаласында ағымдағы эпидмаусымында ақылы түрде екпе жасайтын кабинеттер жұмыс жасайды:

  • «Амбулаторлы орталық» Мекемесі Абай д,18,
  • «Қалалық №2 поликлиникасы» КМК ШЖҚ Буров к-61,
  • «Сол жағалау клиникасы» Мекемесі Сатпаев д, 34/1,

Вакцинадан бөлек тұмау және басқа да ЖРВЖ алдын алу үшін келесі шараларды есте сақтау керек:

  • -ағзаны шынықтыру,
  • -полидәрумендерді, аскорбин қышқылын пайдалану,
  • -жел өтінде тұрмау,
  • -тоңазудан сақ болу.
  • -жеке бас гигиенасын сақтау.
  • -адамдар көптеп жиналатын орындарға баруды шектеу
  • -«жөтелу этикетін» сақтау (жөтелгенде, түшкіргенде және аурудың алғашқы белгілері болған жағдайда жеке қол орамал қолдану)
  • -науқас адам уйде болған жағдайда жеке гигиеналық ережелерді сақтау қажет, мүмкіндігінше жеке бөлме немесе жеке орын, жеке ыдыс, жеке жататын орын, сүлгі бөлу қажет, бөлмені жиі желдетіп  және оған  ылғалды тазарту жасау қажет,  сарымсақ, пияз жеу қажет, емдік щөптерден жасалған қайнатпа ішу қажет.
  • - ЖРВЖ белгілері пайда болған жағдайда уйде болу және дәрігер көмегін уйге шақырту қажет.