АИТВ- жұқпасының алдын-алу

«ШҚОСӨСҚО» ММ орталығының қызметкерлері ЖИТС орталығымен бірлесіп «AҚШЫҢ» сауда орталығында тұрғындарға арналған «АИТВ- жұқпасының алдын- алу» тақырыбында акция өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты - халықтың назарын адамның имунды тапшылық вирусы (әрі қарай- АИТВ) мәселесіне аудару, АИТВ мәселелері жөнінде білімін арттыру, сондайақ АИТВ мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікті азайту.

Акция барысында АИТВ-ға экспресс-тест өткізілді, онда әркім өзінің АИТВ-статусын біле алды сонымен қатар тұрғындарға АИТВ- ның алдын- алуы туралы буклеттермен контрацепцияға арналған заттар таратылды.

«ШҚОСӨСҚО» ММ дәрігер валеологы Бауыржан Жомартұлы және ЖИТС орталығының маманы эпидемиолог дәрігері Анна Потехинская берілу жолдарын, АИТВ-ның алдын-алу, кемсітушілік мәселелері жөнінде кеңес берді. Ауруды жеңудің алдын- алудан басқа жақсы әдісі жоқ, сондықтан оны үнемі тексеріп, мәртебеңізді біліп, қажетті сақтық шараларын сақтау өте маңызды.