«Психикалық денсаулықты сақтаудың маңыздылығы» дөңгелек үстел

15.10.2020 жылы «ШҚОСӨСҚО» ММ Аягөз қалалық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы маманы ZOOM платформасы арқылы «Психикалық денсаулықты сақтаудың маңыздылығы» тақырыбында онлайн дөңгелек стол өткізілді.

Дөңгелек стол ата-аналардың және Аягөз қаласының жалпы орта білім беретін С.Ғаббасов, Д.Бабатайұлы атындағы және №6 мектеп жанындағы интернатпен, №4 аралас мектептердің психолог мамандары қатысуымен өткізілді. Сонымен қатар іс-шараға «ШҚОСӨСҚО» ММ атқарушы директоры және «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығының меңгерушісі қатысты. Дөңгелек стол барысында психологтар көрермендерге түрлі тақырыпта мәселелер қозғады, айта кететін болсақ «Психикалық денсаулыққа әсер ететін факторлар», «Психикалық денсаулық критерилары», «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы жөнінде ата-аналарға кеңес» т.б. қатысушы ата-аналарға түсінікті болатындай психологтармен талқыланды.

Дөңгелек үстел аяқтау барысында келесі ұсыныстар таңдалды:

1. Білім беру ұйымдарындағы ата-аналар жиналысында психологиялық денсаулық бұзылуына алдын-алу шараларын жүргізу.

2. Психолог мамандарының біліктілігін арттырып, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер жүргізу.

3. Спортта, өнерде, ғылымда нәтижеге жеткен, жастарға үлгі бола алатын және жастарды пайдалы іс-шараларға және бос уақытқа тарту үшін кездесулер ұйымдастыру.

4. Халықты ақпараттандыру мәселелері бойынша ынтымақтастық (БАҚ материалдарын сапалы ұсыну).

5. Жасөспірімдерге кеңес берудің деңгейін жақсарту.

6. Ата-аналармен психолог мамандары тығыз байланыста болуын қадағалау.

 

Аягөз қ-ң Жастар денсаулық орталығы тегін және құпия психолог маманымен тілдескіңіз келсе, біздің мекен-жайымыз: Аягөз қаласы, М.Әуезов к-сі 15е, байланыс телефонымыз +7753438871 ,+77788276866