Балаларда ЖРВИ-дің алдын алу

Жедел респираторлы вирустық инфекциялар – интоксикация белгілерімен, катаралды құбылыстарымен,  тыныс алу жолдарының әртүрлі бөлігін зақымдауымен, жоғары контагиоздылығымен ерекшеленетін аурулар тобы.

Жедел респираторлы вирустық инфекциялармен аурудың өсуі жылдың суық мезгілінде басталады. Оған бір жағынан бұған вирустың төмен температуралар әсеріне жоғары төзімділігі әсер етеді. Екінші жағынан салқын тигізу ағзаның қорғаныс қасиеттерін төмендетеді.

Инфекцияны таратушы науқас адам болып табылады. Таралуы – ауа-тамшы жолымен. Бұл – вирустың ұйымдастырылған ұжымдарда, үйжайлардың ішінде аса жылдам таралуын түсіндіреді.

ЖРВИ белгілері: дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрынның бітелуі, тұмау, түшкіру, бас ауруы, селқостық, әлсіздік, ауыршаңдық.

Аурудың жағымсыз салдары қауіпті топқа бір жасқа дейінгі балалар мен тыныс алу органдарының аурулары, жүрек-қан тамыр жүйесі мен эндокриндік патологиялары  бар 60 жастан асқан ересектер кіреді.

Бәрінен жиі ұжымдардағы балалар, яғни мектепалды мекемелері мен мектептерге баратын балалар,  жұқтырады.

2020 жылғы 10 айдың ішінде «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК ЖРВИ диагнозымен 540 бала емделді, оның 177-сі 1 жасқа дейінгі балалар, 14 жасқа дейінгілері – 345, 14-тен 17 жасқа дейінгілер – 18 бала. Бұл көрсеткіш аурудың 1-ден 14 жасқа дейінгі балалар арасында аса жиі кездесетінін көрсетеді.

Аурудың эпидемиялық өршу кезеңінде арнайы емес алдын алу шараларын қолдану ұсынылады.

  • ауру белгілері бар адамдармен байланыс жасаудан қашу;

  • адамдар көп жиналған орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқарту;

  • медициналық маска тағу;

  • қолды сабындап жиі әрі мұқият жуу немесе қолды өңдеуге арналған арнайы құралмен сүрту;

  • үйжайды сумен тазалау, ауаны желдету және ылғалдандыру;

  • салауатты өмір салтын ұстану (толыққанды ұйқы, үйлестірілген тамақтану, дене белсенділігі).

Ағзаның респираторлы вирустарға, оның ішінде грипп вирусына, төзімділігін арттыру мақсатында арнайы емес алдын алу шаралары ретінде иммунитетті арттыратын түрлі препараттар мен құралдар қолданылады (дәрігердің ұсынуымен).

Сонымен қатар ЖРВИ (дәлірек айтқанда гриптің) алдын алу әдістерінің біріне вакцинация – арнайы алдын алу әдісі жатады.

Вакцинация тұрғындардың барлық топтарына, әсіресе қауіпті топ контингентіне, ұсынылады: 6 айдан асқан балаларға, созылмалы аурулармен ауыратын егде жастағы адамдарға, медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге, студенттерге, қызмет көрсету және тасымалдау  саласының жұмыскерлеріне. Вакцинация аурудың эпидемиологиялық өршуі басталардан кем дегенде 2-3 апта бұрын жүргізіледі. Вакцинацияның дәстүрлі мерзімі – қазаннан желтоқсанға дейін.

ЖРВИ-мен ауырып қалсаңыз не істеу керек?

Үйде қалып, шұғыл түрде дәрігерге қаралу керек. ЖРВИ кезінде өз бетіңмен емделуге болмайды. Тек дәрігер ғана диагноз қойып, қажетті ем тағайындау керек. Емдеуші дәрігердің барлық кеңестерін қатаң түрде  орындау қажет; дәрілерді уақытында қабылдау және ауру кезінде төсектен тұрмау, және сұйықты көп ішу.

Инфекцияның таралуын болдырмау үшін науқасты сау адамдардан оқшаулау (жеке бөлме бөлген жөн) керек. Науқас жатқан бөлмені жиі желдетіп, қолданыстағы заттары мен еденді зарарсыздандырғыш құралдармен сүрту қажет.

Науқаспен қарым-қатынасты мейілінше шектеген жөн.  

 

«Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК инфекционист дәрігері Т.Б. Шарапиева