БІЗ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ!
10/06/19
Сіздерді ағымдағы жылдың 11 маусымында «Фреш маркет» қалалық базарында өтетін «БІЗ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ!/НАШ ВЫБОР – ЗДОРОВЬЕ!/HEALTH IS OUR CHOICE!» мәдени-сауықтыру акциясына қатысуға шақырамыз.
Сауда орталығының дәл ортасында сіздерге білікті жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, педиатрлар кеңес береді. Сонымен қатар, артериалды қысымды, бойды, салмақты, қан құрамындағы қант пен холестеринді өлшеу сияқты диагностикалық процедураларды ТЕГІН өте аласыздар. Флюорография өтемін деушілерге, жылжымалы флюромашинасы қызмет көрсетеді.