
Егер сен жасөспірім болсаң, онда өзіңнің ағзаңдағы жылдам өзгерістерді байқайсың. Сен өсесің, физикалық және эмоциялық жағынан дамисың, ересек ұл немесе қыз боласың. Бірақ сен өз денеңді және денеңнің жұмысын қаншалықты жақсы білесің? Егер сенің басыңда сұрақтар көп болып, жауап іздейтін жер қалмаса, қайда жүгіну керектігін білесін бе?
UNFPA Kazakhstan (БҰҰ-ның халық саны саласындағы қоры) жасөспірімдерге арнап брошюралар дайындады, онда олар өздері сұрағанға ұялатын барлық сұрақтарға жауап беруге тырысты.
Оларды қалай оқуға болады? Сілтеме түрінде көрсетілген мүдделі тақырыптардың бірін басыңыз және достарыңызға айтуды ұмытпаңыз.
Егер сіз брошюраларда табылмаған басқа сұрақтармен қиналсаңыз, онда сіз Өскемен қаласындағы Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жанындағы «Нұрсалауат» Жастар денсаулық сақтау орталығына келе аласыздар. Мекен жайы: Серікбаев к-сі 1 үй, 1 корпус, 415 кабинет (орталық кіреберіс), тел: 8-7232-41-10-45. Бұл орталықта құпия жағдайда жасөспірімдерге қызмет көрсету үшін арнайы дайындалған мамандар сізбен сөйлеседі.
Сізге психологтың кеңесі қажет пе? 8-705-795-87-17 нөміріне қоңырау шалып, осы ТЕГІН ЖӘНЕ ҚҰПИЯ қызметті үйден шықпай алыңыз.
Жастар денсаулық орталығы туралы
Жыныс жолдарымен берілетін инфекциялар
Қыздарға денеңнің құпиялары туралы