Бала үшін емшекпен тамақтандырудың пайдасы мен ерекшеліктері
26/06/20
Емшекпен тамақтандыпу барысында баланың жақ аппараты, ауыз және тіл бұлшықеттері дамып, дұрыс тістүйісі қалыптасады. Көптеген бақылау көрсеткендей, емшек сүті баланың орталық жүйке жүйесінің қалыптасуына қолайлы әсер етеді. Кейінгі жылдары қант диабеті, аққандық, ас қорыту мүшелерінің созылмалы аурулары, атеросклероз сияқты аурулардың даму тәуекеліне қатысты табиғи тамақтандырудың қорғанысты әсері расталған.